Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Цифрландыру және білім беру статистикасы бөлімі

Калибаева Салтанат Мухаметхановна
Цифрландыру және білім беру статистикасы бөлімінің жетекшісі

Бөлімнің негізгі бағыттары:

  1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды үйлестіру, мониторингілеу және іске асыру (мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру – мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қою және жолдама беру, облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау);
  2. «Ақылды қалалар» (Smart Sity) эталондық стандарт» жобасын іске асыру, ҚР қалаларының рейтингінде білім беру саласында 100% көрсеткішке қол жеткізу.
  3. Облыс бойынша Ұлттық білім беру деректер қорын (ҰБДҚ) сүйемелдеу, мониторингілеу, білім беру жүйесінің статистикалық деректері мен әкімшілік есептілікті жинауды, жинақтауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ету;
  4. «Күнделік» БАЖ-ды облыс мектептерінің сапалы толтыруын мониторингілеу және сүйемелдеу, білім беру ұйымдарына консультациялық көмек көрсету;
  5. Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 100% көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында облыс мектептерінің оқу процесінде білім беру контенттерін пайдалануын үйлестіру және сүйемелдеу, білім беру ұйымдарына консультациялық көмек көрсету;
  6. ШҚО әкімінің ахуалдық орталығын, атап айтқанда облыстың мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру бойынша толықтыру және толтыруды ұйымдастыру.
  7. Облыстың орта білім беру ұйымдарын ақпараттандыру және компьютерлендіру;
  8. Карантин кезеңінде облыс мектептерінің қашықтықтан білім беруге көшуін ұйымдастыру және мониторингілеу;
  9. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің жұмысын үйлестіру, мониторинг және білім сапасының автоматтандырылған бағдарламасында статистикалық деректерді өңдеуді ұйымдастыру;
  10. Деректер жинау және қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің рейтингін қалыптастыру;
  11. ҰБДҚ, Кунделик.кз толтыру сапасын арттыру, оқу процесінде ЦББР қолдану бойынша оқыту семинарларын, онлайн кеңестер өткізу;
  12. Жыл сайынғы «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу.
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы