Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) қазіргі заманғы білім берудегі АКТ-ның өзегі және оқу-тәрбие процесінде біртұтас пайдаланылуы мүмкін цифрлық форматтағы ақпараттық көз болып табылады.
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – бұл цифрлық нысанда ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шындық және интерактивті модельдеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де оқу материалдары.
