
Бөлімнің негізгі бағыттары:
- 2018-2022 жылдарға арналған Цифрлық Қазақстан және 2020-2025 жылдарға арналған ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде іс-шараларды үйлестіру және іске асыру;
- Облыстың үздік педагогтарымен және мемлекеттік органдармен интерактивті сабақтар, тренингтер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- Білім беру ұйымдарының Интернет және Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілу мониторингі;
- Білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерімен және турникеттермен қамтамасыз етілу мониторингі;
- Мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін ұйымдастыру және енгізу (ID-карта);
- Білім беру ұйымдарында – мектептер (647 мемлекеттік, 6 жеке меншік) мен балабақшаларда (136 мемлекеттік, 129 жеке меншік) оқу процесін қамтамасыз ету мониторингі, оның ішінде:
- ҚР БҒМ №70 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарын жиһазбен, оқу-көрнекі құралдармен жабдықтау (бар болуы және қажеттілігі), шеберханаларды, жаңа модификация кабинеттерін (физика, химия, биология, ЛМК); пәндік кабинеттерді (тарих, география, шет тілдері, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, өзін-өзі тану және т.б.) жарақтандыру;
- кедергісіз орта құру (қолжетімділік паспорты, кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасауды талдау (бейімделу);
- қауіпсіздік (ТЖ департаментінің өрт қауіпсіздігі бойынша бақылау іс-шараларын өткізуіне талдау жасау, бұзушылықтарды анықтау және оларды жою); білім беру объектілерін сейсмикалық қауіпсіздікке сәйкестігі тұрғысынан талдау (ғимараттарды тексеру, сейсмикалық тұрақтылықты нығайту мониторингі және т.б.);
- Жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалар желісін дамыту мониторингі (жаңа ұйымдар ашу қажеттілігі, оның ішінде құрылыс есебінен);
- Ғимараттардың өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуін және тиісті жай-күйін қамтамасыз ету, жабдықтардың, жарықтың, жылыту, желдету жүйелерінің және т.б. жарамдылығын қамтамасыз ету;
- Үй-жайларға жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- Өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өрт сөндіру құрал-жабдықтарын жарамды күйде ұстауды қамтамасыз ету және т.б.;
- Қашықтықтан оқытуға арналған бейнесабақтар контентін құру;
- Білім басқармасының ресми сайтын, білім беру порталын, Tylek.kz сайтын, ШҚО білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшаларын (фейсбук, инстаграм) толтыру және техникалық сүйемелдеу,;
- Орталықтың ресми сайтын толтыру және техникалық сүйемелдеу;
- ҚР БҒМ бұйрықтары негізінде білім беру ұйымдары сатып алатын жабдықтардың техникалық сипаттамасын жасау;
- Облыстың білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арналған әдістемелік семинарларды, мастер-кластарды, дөңгелек үстелдерді (offline/online режимде) техникалық сүйемелдеу.