Мектептерді кең жолақты Интернет желісімен қамтамасыз ету. Орталық мектептердің Интернет желісіне қосылуына мониторинг жүргізеді. 2020 жылы барлық 647 (100%) мектеп жылдамдығы 4 Мб/с және одан жоғары Интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 344 (53%) мектеп жерүсті байланыс арналары арқылы, 20 (3%) мектеп сымсыз радиожиілік байланыс арналары арқылы, қалған 283 (44%) мектеп спутниктік интернет арқылы қосылған.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің Интернет желісіне қосылуын қамтамасыз ету үшін 2020 жылға аудандар мен қалалардың бюджеттерінен 650 271 590 теңге қаражат бөлінді.
Интернет желісі қызметтерін жабдықтаушылармен бірге жылдамдықты арттырудың техникалық мүмкіндігі бар мектептер анықталды, бұл ақпарат білім бөлімдерінің назарына жеткізілді.