Абышева Гульжан Мертаевна
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бөлімінің басшысы
Негізгі атқаратын функциялары:
1.Жоғары тұрған органдардың бұйрықтарының, нормативтік құжаттарының орындалуын хабарлау, түсіндіру және бақылау:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтарын түсіндіру;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлтық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
- типтік оқу жоспарларын әдістемелік қамтамасыз ету және түсіндіру;
- жұмыс оқу жоспарларын әдістемелік қамтамасыз ету және тексеру;
- Оқу-әдістемелік жұмысты талдау, білім беру ұйымдарында әдіскерлер мен педагогтар бойынша деректер банкін құру және жаңарту, оқу-тәрбие процесінде әдістемелік ұсынымдар мен қажетті құжаттаманы әзірлеу.
Негізгі міндеттері:
- Бөлімнің негізгі міндеттеріне бөлім жұмысын жоспарлау және іске асыру, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлерін, жалпы және орта білім берудің жаратылыстану-математикалық бағытының педагогтерін әдістемелік қамтамасыз ету жатады.
- Білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтеріне семинарлар, олимпиадаларды, байқауларды өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер беру.
- Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, сынып-шеберін өткізу арқылы ЖМБ педагогтерінің жұмыс тәжірибесін ұйымдастыру, зерделеу, жалпылау және тарату.
- Білім беру ұйымдарына арналған конкурстарды («Экологиялық білім берудің үздік ұйымы», «Математикалық регата», «Үздік химия пәні мұғалімі», «Үздік биология пәні мұғалімі», «Үздік география пәні мұғалімі», «Үздік физика пәні мұғалімі», «Үздік математика пәні мұғалімі») ұйымдастыру және әзірлеу;
- Облыстық пән мұғалімдері ассоциациасының жетекші мектеп жобасы жұмысын жоспарлайды, үйлестіру.
- 9-сыныптың қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу бойынша сараптама тобының жұмысын үйлестіру.