Бөлімнің негізгі функциялары:
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту,бастауыш білім беру бөлімінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың және ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруда әдістемелік көмек көрсету жөніндегі бөлімнің оқу-әдістемелік қызметін басқару. Олардың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік көмек көрсету процесін ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік және өкімдік құжаттаманы әзірлеу. Әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.