Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі

Муканова Айгуль Кажигалимовна
Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің жетекшісі

Бөлімнің негізгі функциялары:

  • Білім беру саласында халықаралық, республикалық және облыстық салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу, олардың нәтижелерін талдау және ШҚО білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Мектептер, пәндер, сыныптар, оқыту тілдері бойынша білім сапасының мониторингі (тоқсан, жартыжылдық және жыл бойынша);
  • Білім беру сапасын бағалау және мониторингілеу үшін инструментарий әзірлеу және жаңғырту, жаратылыстану-математикалық бағыттың (ЖМБ) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттың (ЖМБ) дамуына жүйелі және салыстырмалы талдау жүргізу);
  • «Алтын белгіге» үміткер 11-сынып бітірушілерін қорытынды аттестаттауға және ҰБТ тапсыруға даярлау мониторингі, түзету жұмыстарын жүргізу үшін инструментарий дайындау және іске асыру;
  • Облыстың білім беру ұйымдарына қатысушыларды апробациялық және негізгі халықаралық зерттеулерге дайындауды әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу, PISA, TIMSS, ICILS, TALIS, PIAAC білім беру сапасын бағалаудың облыстық, республикалық және халықаралық мониторингтік зерттеулерінің қорытындылары бойынша талдамалық қорытындылар дайындау, мониторинг қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
  • Облыс мектептері оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында, Шығыс Қазақстан педагогикалық шеберлік орталығы мамандарының қатысуымен аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық білім беру ұйымдарының білім сапасын бағалау жөніндегі үйлестірушілерімен жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Тест материалдарын әзірлеу және «Жалпы білім беретін пәндер бойынша автоматтандырылған диагностика» жобасын іске асыру бойынша ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік функцияларды орындау, Интернет-технологиялар арқылы цифрлық форматта білім сапасын бағалау мониторингін ұйымдастыру;
  • Digitalkz.kz порталы арқылы халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдыларға оқыту курстарын өткізу, кадрларды қайта даярлау, оның ішінде электрондық үкімет порталының сервистерін қолдана отырып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу» жол картасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша курстарды ақпараттық сүйемелдеу және мониторинг жүргізу;
  • 7-11 сынып аралығында химия, биология және физика бойынша виртуалды зертхананың цифрлық контентін толтыру үшін зертханалық және практикалық жұмыстардың сценарийлерін әзірлеуді әдістемелік сүйемелдеу;
  • Оқушылардың білім сапасының мониторингі жүйесін жаңғырту шеңберінде халықаралық ынтымақтастық және жоғары оқу орындармен ынтымақтастық;
  • Облыс мектептерінің оқушылары үшін ЮНЕСКО аясында шетелдік серіктестердің қатысуымен мерейтойлық күндерге орай цифрлық форматта сабақтар дайындау және өткізу.
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы