PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) халықаралық зерттеуіне 4-сынып оқушылары қатысады. Оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау үшін зерттеу әр 5 жыл сайын жүргізіледі.
PIRLS-2016 нәтижелерін IEA білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы 2017 жылғы 5 желтоқсанда жариялады. Зерттеуге әлемнің 50 елі қатысты. Біздің еліміз алғаш рет PIRLS-ке қатысты. Қазақстандық оқушылардың орташа балы 536 балды құрады. Бұл Қазақстанға 50 елдің ішінде 27-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Біздің облыстың орташа балы – 549. 16 аймақтың ішінде біздің облыс 6-орынға ие болды.