Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі

Тұрсынханова Данара Асембекқызы
Әкімшілік және кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі

Бөлім заң және кадр қызметтерін, кеңсе және аударма жұмыстарын қамтиды.

Бөлім өз қызметін заңнамалық-нормативтік базаға, сапа саласындағы саясат пен мақсаттарға, МС ИСО 9001:2008 стандартының, ИСО 9001-2008 Қазақстан Республикасы стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

 

Заң қызметі:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау;
  • орталықтың басшылығы мен қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, мекеменің құжат айналымын құқықтық сүйемелдеу;
  • құрылтай құжаттар мен құқық белгілейтін құжаттардың талаптарына сәйкестігі;
  • ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының орындалуын бақылау;
  • қорытынды дайындау, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмек көрсету.

 

Кадрлық қызмет:

  • ұйымның кадрлық саясаты мен кадрлық стратегиясын әзірлеуге қатысу;
  • ұйымды ұйымның мақсаттарына, стратегиясына және бейініне сәйкес қажетті кәсіптердің, мамандықтар мен біліктіліктердің жұмысшылары мен қызметшілерін кадрлармен жасақтау жөніндегі жұмысты басқарады;
  • еңбек туралы заңнамаға, ұйым басшысының актілеріне сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді ұйымдастыру,
  • жеке құрамды есепке алу, қызметкерлерге осы және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, қызметкерлердің еңбек кітапшалары мен өзге де құжаттарын сақтау және толтыру, кадрлар бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу, сондай-ақ персоналды көтермелеуге және марапаттауға ұсыну үшін материалдар дайындау;
  • мекемедегі еңбек тәртібінің жай-күйін бақылау және еңбек тәртібінің ережелерін сақтау, жұмыста тұрақтамау себептерін талдау, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытының жоғалуын төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу, олардың орындалуын бақылау.

 

Іс қағаздарын жүргізу:

  • Орталықта мемлекеттік іс жүргізуді енгізуді жүзеге асыру;
  • іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың өтуі мен орындалуын бақылау, оларды құжаттармен жұмыс істеу ережелеріне сәйкес есепке алу, сақтау, пайдалану;
  • бақылаудан алу үшін бақылау кіріс хат-хабарына талдау жүргізу;
  • қабылдау-сөйлесу құрылғылары (факс, телефакс) бойынша ақпаратты беру және қабылдау.

 

Жұмыс телефоны: 8 (7232) 75 26 02

 

Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы