
Вакансия
Инновациялық жобаларды енгізу бөлімінің жетекшісі
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды үйлестіру және іске асыру;
- Облыстың білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары үшін әдістемелік семинарлар, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер (offline/online режимде) ұйымдастыру және өткізу;
- Білім басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының іс-шараларын әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру, көрмелер, презентациялар және онлайн трансляциялар өткізу;
- ІТ-сынып мұғалімдеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету, кеңес беру;
- Білім беру ұйымдарының педагогтары үшін жарыстар, конкурстар, олимпиадалар (offline /online режимде) ұйымдастыру және өткізу;
- Облыстың білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын ІТ-біліктілік бойынша оқытуды үйлестіру.
- IT-біліктілік бойынша балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және өткізу.
- Дарынды балалар, орта мектеп оқушылары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында IT-технологиялар саласындағы жаңашылдарды анықтау және қолдау;;
- Облыс мектептері оқушыларының StarUp-жобаларын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- Облыс мектептерінің оқушылары мен жастар арасында «Skills for geeks» чемпионатын, «Jastar time» фестивалін, «Jastar time» хакатонын ұйымдастыру және өткізу.
- «Мектеп-ЖОО» жобасын жүзеге асыру аясында ШҚО жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық.
- Толықтырылған нақтылықтағы 3D-кітаптар, жинақтар, ақпараттық брошюралар және т.б. үшін контент құру.
- «Мен және әлем» жобасын іске асыру: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың деректер базасын жүргізу, онлайн режимде педагогтарға арналған оқыту семинарларын өткізу, «Қатысу әсері» технологиясын енгізу және дамыту;
- «Jastar Time» инновациялық орталығында оқушылар мен оқытушылар үшін ІТ-бағыттар бойынша курстар ұйымдастыру.
- «ШҚО білім басқармасының білім беру порталы» жобасын іске асыру (bilimvkoportal.kz);
- «Tylek.kz ШҚО түлектері» имидждік жобаны іске асыру.