Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, ШҚО білім беру ұйымдарында IT-біліктілікті дамытудың жол картасына және білім беру ұйымдарында ІТ-сыныптарды дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Орталық Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінде үздіксіз инновациялық процесті дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруда.
Бүгінгі күні өңірдің барлық білім беру ұйымдарында тегін IT-сыныптар ашылды. Робототехника, жаңа модификация кабинеттері, интерактивті панельдер сатып алынды, компьютерлік техника жаңартылды. 2020 жылы IT-сыныптардағы оқу бағдарламасы жетілдірілді, тереңдетілген бағдарлама жасалды, оған жоғары деңгейлі Python тілінде бағдарламалау, ArduinoUno электрондық платформалары негізінде автоматтандырылған құрылғылар құру сияқты бөлімдер кірді. Бұл бағдарлама ҚР БҒМ-де сараптамадан өтті және облыстың IT-сыныптарына енгізілді. Осы бағдарлама аясында 2 жыл ішінде ІТ-біліктілігі бойынша курстық даярлықтан 2044 педагог өтті.