IT-бағыттар бойынша дарынды оқушылар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырған облыстық, халықаралық іс-шараларға қатыса отырып, Startup жобаларын іске асыруға грант ұтып алуға мүмкіндік алады.
Облыс әкімі Д.Ахметовтың шешімі бойынша ұсынылған IT-жобаларды іске асыруға барлық 15 номинантқа жалпы сомасы 12 379 709 теңгеге грант ұсынылды. Жобаларды іске асыруға арналған қаражат 2020 жылғы сәуірде «Парыз» қорынан аударылды. Мектептер қажетті жабдықтарды сатып алды, оқушылардың жобаларын іске асыру мектеп әрекетінің бекітілген алгоритмдеріне сәйкес жүзеге асырылды.
Жобаларды іске асыру мерзімінің аяқталуына байланысты 2021 жылғы 21 мамырда Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы оқушылардың 15 StartUp-жобасын іске асыру қорытындысын шығарды. Онлайн кеңеске ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының өкілдері, StartUp-жобалардың басшылары мен авторлары, мектеп директорлары мен бухгалтерлері қатысты.
Кеңес барысында жоба авторлары жүзеге асырылған жобаларды көрсетті. Мектеп директорлары мен бухгалтерлері «Парыз» қорынан бөлінген қаражат бойынша қаржы-экономикалық есеп ұсынды.
Бүгінгі таңда ұсынылған барлық 15 жоба іске асырылды.